С.-ПЕТЕРБОР: Бүгін С.-Петербордың орталығында “Озбырлыққа қарсы марш” шеруі болып өтті. Нәсілшілдік пен ұлттық шеттетуге қарсы шеруге “Яблоко”, Республикалық “Оңшыл күштердің одағы” партияларының мүшелері, “Нәсілшілдік жоқ Ресей үшін” қозғалысының өкілдері мен адам құқын қорғаушылар, бас-аяғы 300-ден аса адам қатысты. Бұл шеруге 7-нші қазан күні “Новая газета” басылымының шолушысы Анна Политковскаяның өлтірілуі де себеп болды. С.-Петерборда “Озбырлыққа қарсы марш” шеруі алғаш рет белгілі ғалым Николай Гиренконы өлтірген 2004-інші жылы ұйымдастырылған болатын.