БАҒДАД: Бағдадтың шийттер тұратын Садр-сити ауданында болған жарылыстан 30-ға жуық адам құрбан болып, 50-ден аса кісі жарақат алды. Бомба жұрт жұмысқа жалдануға жиналып тұрған базарда іске қосылды. Бағдадтың Садр-сити ауданы – сүнниттермен арадағы қақтығыстарында талай қантөгіске жауапты деп айыпталған шийттердің “Маһди армиясының” бекінісі болып табылады. Сондай-ақ, Ирақтың Әл-Анбар өлкесінде жексенбі күні тағы 1 АҚШ жауынгерімен қаза табуымен қазан айында ғана құрбан болған американ жауынгерлерінің саны 100-ге жетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?