МӘСКЕУ: Бүгін Ресейде адам құқын қорғаушылары саяси қуғын-сүргін саясатының құрбандарын еске алу рәсімін өткізуде. Советтік ГУЛАГ-тардың тұтқындары, олардың туыстары мен жақындары қатысатын бұл шараның барысында совет дәуіріндегі саяси террордың құрбандарына арналған семинарлар, жиналыстар, интернет-конференциялар өткізіледі. Қуғын-сүргін саясатының құрбандарын еске алу күні алғаш рет 1974-інші жылы белгіленді. Бірақ ресми түрде Совет Одағы ыдыраған 1991-інші жылдан бері атап өтіледі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады