Accessibility links

Солтүстік Корея ядролық мәселесі жайында алты тарап келіссөзі қайта жалғаспақ


Қытай сыртқы істер министрлігі Солтүстік Корея ядролық мәселесі жайында тоқтап қалған алты тарап келіссөзі "жақында" қайта жалғасады деп қысқа ғана жариялады. Келіссөз мақсаты – Солтүстік Кореяның ядролық ұмтылыстарына тоқтау салу. Келіссөз былтыр қараша айында үзіліп қалған, Солтүстік Корея АҚШ тарапынан еңгізілген қаржы шектеуіне қарсылық танытып, келіссөзден шығып кеткен болатын. АҚШ әкімшілігі келіссөз жыл соңына дейін басталар деп үміт білдірді. АҚШ елшісі Христофер Хилл Пекин қаласында Қытай және Солтүстік Корея өкілдерімен мәселе жайында кездескені белгілі болды.
XS
SM
MD
LG