Accessibility links

ТМД елдерінде ашқұрсақ адамдар саны жоғары болып отыр


Халықаралық қауымдастықтың ондаған жылдар бойы жүргізген қарқынды жұмыстарына қарамастан, әлемде жүздеген миллион адам аштық жағдайда өмір сүріп жатыр. Бұл проблема әсіресе, Ресей, Орталық Азия, Кавказ елдері мен басқа да бұрынғы совет елдерінде күрделі күйде қалып отыр. Кеше БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы ашқұрсақ жүретіндер жөнінде ғаламдық аштық жағдайының жылдық есебін жариялады. Бұл хабарлама осы аптада Римде өтетін Дүниежүзілік Азық-түліктің қауіптілігі жөніндегі конференцияда талқыланады.

Осыдан 10 жыл бұрын Дүниежүзілік Азық-түлік Саммитінде халықаралық қауымдастық әлемдегі қарны тойып тамақ ішпейтін адамдардың санын азайтуға сөз берген еді. Бұл алға қойылған мақсаттарға қол жетпей отыр дегенімен, Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының Дүниежүзілік Азық-түліктің қауіптілігі жөніндегі есебі кейбір аймақта прогресс бар екенін де көрсетіп отыр.

Бұл хабарлама осы аптада Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымына мүше 120-дай елдің өкілі қатысып жатқан Римдегі кездесуде жарық көрді. Аталмыш басқосуда Дүниежүзілік Азық-түліктің қауіптілігі жөнінде 1996 жылы айтылған сөздер бойынша аштық жағдайындағы прогрестер туралы талқылайтын болады.

Бүгінгі таңдағы азық-түлік қауіпсіздігі жайында Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы комитетінің басшысы Маргарита Флорс былай дейді:

“Біз үлкен мәселелер алдында тұрмыз. Аштыққа қарсы күрес біз күткендей сәтті болмай жатыр. Іс жүзінде, бұл біздің кездесуіміздегі үлкен сауал, шындығында жағдай қандай, қандай міндеттемелер жасалуы керек, біз қай жерде Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымын қолдаушы үкіметтер ретінде жұмыс жасап жатырмыз. Және ең бастысы, үкіметтердің айырмашылық жасау үшін қандай саясат жүргізіп жатқаны”-дейді, Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының өкілі.

Деректерге қарағанда, аштық жағдайын азайту жөніндегі прогрестер ТМД елдерінде әртүрлі деңгейде болып отыр.

Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының есебі бойынша, бұл аймақ құрсағы толып тамақ іше алмайтын 21 млн адамның мекені десе болады.

Мәселен, ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Белорусия, Ресей және Украинаның 3 процент халқы ғана тоймай тамақ ішеді. Ал, Қазақстандағы аш құрсақ жағдай 1990 жылдардың басындағы тіркелген жоғары көрсеткіштермен салыстырғанда қазір біршама керісінше болып отыр.

Ал, бүгінде ең күрделі жағдай Тәжікстан мен Өзбекстанда қалыптасып отыр. Мәселен, Тәжікстанның 61 процент халқы аш құрсақ болып өмір сүруде, ол 1990-1992 жылдағы 22 процент болған жағдайдан да жаман болып кеткен. Сол сияқты Өзбекстанның 26 пайыз халқы аштықта жүрсе, ол 1990 жылдардағы 8 проценттен де жоғары болып отыр.

Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының өкілі Маргарита Флорстың айтуынша, Тәжікстан мен Өзбекстандағы халық ең көп тұратын ауылдық жердегі кедейлікпен күресті күшейту керек:

“Ол жерде ауылдық елді мекендерде кедейлік азаып, қалалық жерде кедейлік көбейіп отыр. Бұл деген онда ауылдағы кедей адамдар қалаға ағылып келіп жатыр. Сондықтан, біз ауылдық жердегі проблемаларды шешуіміз керек”.

Ал, ТМД елдерінің кейбір елдерінде бұл мәселеде айтарлықтай прогрес жасалған. Әзірбайжан, Грузия және Қырғызстандағы жағдай оңала бастаған. Бұл елдер аштықта жүрген адамдарының жағдайын жақсартып, кемінде үштен екі аш құрсақ болып жүрген адамның санын азайтқан. Мысалы, 1990 жылдың басында Әзірбайжанның 7,7 млн халқының үштен бір бөлігі ашқұрсақ болған болса, енді ол көрсеткіш 10 процентті көрсетіп отыр. Грузияда осыған дейін 44 процент халық аштықта өмір сүрген болса, қазір ол 13 пайызға азайған. Ал, Қырғызстанда 1990 жылдары 4,5 млн адамның бестен бір бөлігі құрсағы толмай тамақ ішкен болса, енді ондай жағдай 4 пайыз болып отыр.

Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымындағы ауылшаруашылық және экономикалық дамулар одағының жетекшісі Костас Стамоулис, бұл аталған елдердің кедейлік жағдайды жоюда қалай табысты болғанын былай түсіндіреді:

“Бәрінен бұрын кедейлік пен аштықтың азаюына әкелген көрсеткіш айтарлықтай фактор болды. Ұзақ мерзімді даму болды. Сосын менің ойымша, көрсеткіштері жақсы бола бастаған екі ел Әзірбайжан мен Грузияда ауылшаруашылық саласына әсерін тигізген экономикалық реформалар, оның ішінде жерді жекешелендіруге және несиеге беруге қатысты жасалған қадамдар оң көрсеткіш әкелді”|, - дейді ол.

Бұл тұрғыда Арменияда да алға басушылық болған, бірақ онда тойып тамақ іше алмау жағдайы сақталып отыр.

Латвия, Ресей, Словения және Түркіменстанда айтарлықтай прогрес жасалып, қойылған талаптан шығып отыр. Мәселен, Ресей халқының 4 пайызы 1990 жылдары ашқұрсақ болған болса, қазір ол көрсеткіш 3 пайызға төмендеген. Молдовада осыдан 10-15 жыл бұрын тамақты тойып іше алмау жағдайы 11 пайыз болған болса, қазір ол 5 процентке түскен екен.
XS
SM
MD
LG