Accessibility links

Ирақта белгісіз қарулы топ тағы 40 адамды ұрлап алып кетті


БАҒДАД: Бағдадта бомба орнатылған автөкөліктің кеше болған жарылысынан кем дегенде 10 адам құрбан болып, тағы 10 шақтысы жарақат алды. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер, оның ішінде балалар да бар, үйлену тойына келген қонақтар болатын. Бұл қастандықты әзірше ешкім өз жауапкершілігіне алай отыр. Бағдадтан солтүстікке қарай 30 шақырым қашықтықта орналасқан Әт-Тармия қаласының маңында қарулы топ 40 адамды ұрлап алып кетті. Полицияның мәліметі бойынша, белгісіз біреулер жолды бөгеп, тоқтаған автокөліктердегі адамдарды ұрлап алып кете берген. Кісі ұрлаушылар, деп санайды Ирақ полициясы, негізінен шийттер болса керек.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG