КАБУЛ: Ауғанстан үкіметі елдің оңтүстігіндегі Кандагар өлкесінде әйелдердің істеріне жауап беретін шенеунекті өлтергенін мойындаған адамды қамауға алғанын мәлімдеді. Сафия Ахмад Жан деген қызметкер әйел 25-інші қыркүйек күні атып өлтірілген болатын. Ауған ішкі істер министрлігінің өкілі Земари Башаридің хабарлауынша, оны өлтірген Хизб-и-Ислами ұйымының бұрынғы мүшесі сейсенбі күні тұтқындалды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр