Бүгін Израйлдың Газа қаласының солтүстігіне жүргізген рейді кезінде екі палестиндік өлтірілген. Израйл күштерінің сәрсенбіден бері Бейт Ханун қаласы маңындағы әскери операциясы барысында 9 палестиндік қаза болды. Израйл ресмилері Бейт Ханун аймағы еврей жеріне зымыран атқан жауынгерлік топтың орталығы деп отыр.