Құрама Штаттар Сирия, Иран және Ливандық Хизболла жасақтары Ливанның демократиялық үкіметін құлатуға тырысып жатыр деп ескертті. Ақ Үй өкілі Тони Сноу Сирия, Иран және Хизболла тобының Ливанның премьер министрі Фуад Синиора үкіметін құлатуға әрекет жасап жатқаны жайлы АҚШ-та дәлелді дерек бар екенін айтып отыр. бірақ, Сноу ол дерек-мәліметтің егжей-тегжейіне тоқталмаған. Ал, Сирия мен Иран ол айыптауларды жоққа шығарды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV