АШХАБАТ: Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайэр Түркіменстандағы адам құқының ахуалын өткір сынға алды. Орта Азия елдеріне сапарының аясында Штайнмайэр кеше Ашхабадқа келді. Түркімен президенті С.Ниязовпен арадағы 3 сағатқа созылған әңгімесінің барысында неміс министрі оның назарын “демократияның жетіспейтіндігіне” және саяси реформалардың тым баяу жүріп жатқанына аударды. Штайнмайэрден осы проблемаларды көтеруін “Хьюман райтс уотч” ұйымы әсіресе қатты талап еткен болатын.