Accessibility links

Қырғыз президенті халықтың наразылық митингісіне онша “алаңдамайды”


БІШКЕК: Кеше Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев өзінің үкіметін алаңдататын “ешқандай себепті” көрмей тұрғанын мәлімдеді. Ресейдің мемлекеттік телеарнасынан берілген түсініктемесінде қырғыз президенті өзінің қолында кез-келген толқуды басуға жетерлік “күштің” барлығын атап көрсетті. Кеше мыңдаған халық президент Қ.Бәкиев пен премьер-министр Ф.Құловтың биліктен кетуін талап етіп үкімет үйінің алдында митингі өткізді. Біздің тілшімізідің хабарлауынша, оған 30 мыңға жуық адам қатысты. Халық президент пен премьер-министрден не конституцияны реформалауды, не биліктен кетуді талап етуде.
XS
SM
MD
LG