Есірткі өзбекстандық азаматтың «Камаз» аутокөлігінің кабинасына жасырылғаны анықталған деп хабарлады, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің есірткіге қарсы күрес бөлімі бастығының орынбасары Қазыбек Ақбозов жұма күні Азаттық радиосының тілшісіне берген сұқбатында.
Қазір бұл шетелдік азаматтар есірткі тасымалдаған деген күдікпен тергеліп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті өкілі, ұсталғандардың бірі жеті килограмм героинды Қазақстанға алып келіп, оны осында саудаламақшы болғанын мойындап отыр дегенді айты.
Ұсталғандардың бірі әлгі есірткінің бір килограмын Тәжікстанда екі жарым мың доллардан сатып алғандығын, ал өздерінің бұрын Тәшкентте танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына әр килограмын үш мың доллардан сатпақ ойда болғанын айтқан, дейді полиция өкілі.
Оның айтуынша, Өзбекстандық азамат өзінің бұл істе тек есірткі тасымалдаушы екендігін, 7 килограмм героинды машинаға жасырып Қазақстанға өткізіп бергені үшін оған 500 доллар төлеуге уәде еткенін мойындаған.
Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің есірткіге қарсы күрес бөлімі бастығының орынбасары Қазбек Ақбозовтың айтуынша, бұл биылғы жыл басынан бергі тіркеліп отырған, есірткіні ірі көлемдегі тасымалдаудың 16-шы оқиғасы көрінеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан аумағында 64 килограмдай героин тәркіленген. Қазақстанға есірткінің осы түрін заңсыз әкелумен айналысушылардың көбі Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары дейді ол.
«Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшімнің пікірінше, Қазақстанның Орта Азиялық көршілерімен шекарасын ашық ұстауы тату көршілік тұрғысынан дұрыс қадам болғанымен, екінші жағынан, бұл есірткі тасымалына кең жол ашып отыр.
«Қазақстан мен салыстырғанда экономикасы әлсіз дамыған Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары бұрын Қазақстанды айналып өтіп Ресейге есірткі тасымалдаса енді Қазақстанның өзіне келіп, есірткі саудасын жүргізе бастағаны жақсы емес, сондықтан бұның алдын алуға ішкі істер министрлігі өз жұмысын жұмылдырғаны жөн», дейді Д.Көшім.