Әйгілі «Қазына аралы» кітабын жазған Ричард Стивенсонның шөбересі - Струан Свинсонсонның бұл Қазақстанға сегізінші рет келуі екен. Солардың бесеуінде ол Семей полигоны маңындағы елді мекендерге барыпты. Ал басқа кезде ол Еуроодақ делегациясы құрамында президент сайлауы мен парламент сайлауларында бақылаушы ретінде келген болатын. Бұл жолғы сапары кезінде ол Семейге тағы барды және қайырымдылық көмек ретінде Семей Медициналық Академиясының балалар бөліміне 20 мың долларлық чекті сыйға табыс етіпті. Сонымен қатар ол Алматыда оппозиция өкілі Болат Әбіловпен кездесіп, Қазақстанның Еуроодақпен арасындағы келісімдердің орындалу барысы туралы, Бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заңға қатысты, т.б. қоғамның саяси тыныс-тіршілігіндегі кейбір келеңсіз жәйттер туралы пікір алмасқанын «Нағыз Ақ жол» партиясының баспасөз қызметінен естіп білгенбіз. Осы орайда Стивенсон мырза мен Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі - Адриан ван дер Меерден Алматыдағы баспасөз мәслихатында «Қазақстандағы биылғы оқиғаларды ескере отырып демократиялық процестердің барысын қалай бағалайсыздар?» деп сұраған едік, бірақ екеуі де бұл сұраққа жауап беруден бас тартты.
Еуроодақ елшісі ван дер Меер мырза «бүгінгі отырыс Струан мырзаға байланысты болған соң, сол жайлы әңгімелесейік» деп әңгімені өзге арнаға бұрды.
«Менің бұл мәселеге байланысты айтқандарым президенттік сайлаудан соң жазбаша түрде жария етілген. Менің қазір аңғарғаным: елде экономикалық даму байқалады. Семейдегі емхана жабдықтары да жаңарған. Емдеу жағдайлары да мен алғашқы көрген кездердегіден әлдеқайда жақсы. Бірақ, мен барып қайтқан Семей аймағындағы жағдай бұрынғысынша сияқты. Мысалы, кеше Знаменка елді мекенінің бір қариясы өзінің зейнетақысы 2000 теңге шамасында екенін айтты. Ал науқастанған баласы үшін дәрі-дәрмекке 12 мың теңге қажет екен. Әрине, мен мемлекет тарапынан арнайы қор құрылғанын және ол сол аймақтың тұрғындарының мұқтаждықтарымен айналысады деп те естігенмін», - дейді Струан Стивенсон мырза.
Ал «Азаттық» тілшісінің Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне байланысты қоған сауалдарына нақты жауап алмақ болған талпынысына Струан мырзаның қасында еріп жүрген жандайшаптары «бұл оның жеке қайырымдылық сапары, оны саяси арандатуға болмайды» деп, маңына жолатпады.
Еуропарламенттегі көпшілікті құрайтын – Еуропалық Халықтық партиясы мен Еуропалық демократтар блогына жетекшілік ететін саясаткердің баспасөзге жауап айтудан бұлайша жалтаруының астарын түсінбей аң-таң күйде қала бердік.