Accessibility links

Ресей Иранға қатысты европалық қарар жобасына түзетулер енгізілсін дейді


Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иранның ядролық бағдарламасына қатысты санкциялар турасындағы европалық қарар жобасы бұрынғы келісімдерден алшақтап кеткен деп атап көрсеткен.

-Европа үштігі ұсынған жоба одан бұрын келісілген шеңберден өте алыстап кеткен, - деді Ресей өкілі Брюсселдегі кездесуден кейін баспасөз-мәслихатында.

Әлемнің жетекші елдерінің өкілдері - Британия, Германия, Франция ұсынған қарар жобасын осы аптада БҰҰ-да талқылануы тиіс. Иранға қарсы санкциялар қолдануға шақырып отырған АҚШ қарар жобасы әлсіз болмауын қаласа, Ресей мен Қытай қатаң шараларға қарсылық білдіруде.
XS
SM
MD
LG