Accessibility links

Қырғыз оппозициясына теледидарға шығуға мұрсат берілмеді


Қырғызстандағы Реформалар үшін қозғалысының жетекшілеріне мемлекеттік телеарнадан эфирге шығуға Үкіметтің шешімімен тиым салынды. Оның алдында телекомпания басшылығымен жүргізілген келіссөз нәтижесінде оппозиция өкілдеріне кеше кешкілік эфир берілмекші болған. Ғимарат алдында жүздеген оппозиция өкілдері пикет жасаған еді. Бішкекте екінші күн қатарынан өткізілген наразылық акциясына қатысушылар мемлекет басшылығының орындарынан кетуін және конституциялық реформалар жүргізілуін талап етуде. Шеру бүгін де жалғасады.
XS
SM
MD
LG