Accessibility links

100 мың ирақтық көрші елдерге босып кетті


Деректерге қарағанда, Ираққа АҚШ бастаған күштер кіргеннен бері шамамен 100000 ирақтық ай сайын үйлерін тастап, көрші елдерге кетуде. БҰҰ ол босқындардың еліне оралуға көмектесу жағын қарастыратын жоспар жасап жатыр. БҰҰ Босқындар жөніндегі Басқармасының хабарлауынша, бүгінде кемінде 2 млн Ирақ тұрғыны елді тастап Иран, Сирия және Иордания сияқты көрші елдерге кеткен. Және жүз мыңдаған халық олардың соңынан кетпекші. Енді БҰҰ-ның Көші-қон агенттігі ирақтықтарды қабылдаған елдерді оларға көмектесуге шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG