Accessibility links

Армения президенті Қазақстанға келді


Қазақстан мен Армения екі жақтың келісім-құқықтық базасындағы саңлауларды толтырды. Бұл туралы Армения президенті Роберт Кочерянның қарашаның 6-7 күнгі Қазақстандағы сапары кезінде хабарланды. Ресми мәлімет бойынша, осы екі ел арасындағы биылғы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге төмендеп кеткен.

Екі ел президенттерінің кездесуінен кейін инвестицияны қорғау құжаты және екі мәрте қосымша құн салығын төлеуге қарсы маңызды құжаттарға қол қойылды деп хабарланады. Осы құжаттардан кейін экономикалық қатынас жандана түседі, деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Оның айтуынша, Қазақстанның статистика агенттігінің мәліметінше екі ел арасындағы тауар айналым биылғы жылдың 8 айында 16 жарым миллион доллар болған. Бұл екі мемлекет мүмкіншілігіне жауап бермейтін төмен көрсеткіш, деді ол.

Тауар айналымның ішінде Қазақстаннан Арменияға тасымалданатын экспорт үлесі 14 миллион болса, Арменияның импорт үлесі 2 жарым миллион доллардан аспайды. Және биылғы тауар айналым көрсеткіші өткен жылғыдан бірнеше есеге кеміген деп хабарланады. Арменияда табиғи ресурстардан мыс, алтын, күміс көп. Осы ел президенті Роберт Кочерян дипломат ретінде Қазақстанның Грузияда болуын қолдайтындығын жеткізді және оның Арменияға шағылысы қазіргіден маңызды болады деген сенімдемін, деді ол.

Бұған дейін Қазақстан банктерінің бірі Грузияға 200 миллион доллар көлемінде инвестиция салатындығын хабарлаған. Армения журналистері болса таулы аймақтағы Қазақстан кәсіпкерлігінің белсенділігі Арменияға қатысты болмады, екі ел арасындағы кәсіпкерлік белсенділікті қалай арттырасыздар деген нақты сұрақ қойды. Бұған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «мүмкін іскер адамдар жұмыс істеуі үшін, Грузиядағыдай, іскер адамдарды алып баруым керек шығар» деп жауап берді.

Армения президенті Роберт Кочерян болса Қазақстан президенті алдағы сапары шеңберінде Қазақстанның мықты іскер адамдарын ала келсе бағалар едім, деген пікірін жеткізді.

Экономика туралы әңгіме қозғап отырған Армения президенті Роберт Кочерян: «Назарбаевты таулы Қарабақтағы жағдай туралы хабардар еттім, мен бұл жанжалды бейбіт жолмен реттеуге болады деген пікірдемін», деді.

Алдында хабарланғандай, Армения президенті Кочерян Қазақстанда екі күн болады деп жоспарланған. Сапардың екінші күні екі жақтың кәсіпкерлері арасында дөңгелек стөл ұйымдастырылады. Таулы мекенде орналасқан Армения мұсылман мемлекеттерімен шекаралас жатыр. Армения тұрғындарының көбі ежелгі христиан дінін уағыздайды. Тұрғындарының саны 4 миллионға да жетпейді. Тарихшылардың жазуынша, Армения сан рет шапқыншылардан зардап шеккен ел.
XS
SM
MD
LG