Accessibility links

Соңғы аптадағы әлемдік бизнес жаңалықтары.


Финляндияда орналасқан мобиль телефон компаниясы тұтынушыларына осы жүйе арқылы жарнамаларды жеткізіп тұруды жоспарлаған осы аптадағы Еуропа бойынша алғашқы компания болып отыр. Блик деп аталатын бұл компания 16 мен 24 жас арасындағы өз тұтынушыларына тегін мобиль телефондар ұсынбақшы. Оның шарты - біреу-ақ. Ол жас тұтынушылар әлгі тегін телефон өтемақысы ретінде сол телефондармен жарнамалық дауыстар және мәтіндерді алып тұруға келісулері тиіс. Бұл жоспар әуелі Британияда, содан кейін барып әлемнің басқа да жерлерінде жүзеге асырылмақшы. Аталған жоспардың келесі бір шарты - жастар өздеріне қандай тауарларды сатып алғысы келетіндігі жөніндегі талғамдарының егжей-тегжейін сауалнамаға жауап ретінде толтырулары тиіс. Мұның өзі ол тұтынушы жастарға қандай жарнамалар жөнелту қажеттігі жөнінде мобиль компанияларына тың мағлұматтар берер еді. Мобиль телефон өндірісі сарапшыларының пікірінше, мұндай үдеріске әлемдегі басқа да мобиль компаниялары таяу арада көшетін болады.

Қытайдың ақша айырбас саласында долларды сату үдерісі осы айда өзінің ең биік шыңына шықты. Ол - бір триллион долларды құрады. Шамамен Қытай қорларының 70 пайызы долларға құрылған. Үкіметтегі кейбір экономистер ол қаржылардың біразын жұмсап, ал қалғанын доллардан басқа ақша бірліктерімен Бежіннің сақтауына кеңес беруде. Алайда мұндай үдерістің әлемдік дәрежедегі әсері қандай болмақ?

Қытай өте кең көлемдегі тауарларын америкалық тұтынушыларына сатып келеді. Оның ішінде киім-кешек, компютер, ойыншықтар және тіпті Америка тулары да бар. Сондықтан сандаған жылдар бойы Қытайда доллардың өте зор қоры жинақталып қалған болатын. Осыған дейін Қытай үкіметі сол доллар ақшасының едәуір көп бөлігін Құрама Штаттарына қарызға қайтарып отырған еді. Оның орынына құнды қағаздар алып келген болатын. Енді міне Қытай тарапынан долларды өте үлкен көлемде және арзанға сыртқа сату әрекеті АҚШ ақшасының тығырыққа тірелуіне алып келуі мүмкін. Бұл үдеріске басқа да елдер ұмтылуы тиіс болады. Ал, ондай үдерістердің тек Америка үшін ғана емес, тұтас әлем үшін тым ұзаққа жалғасар әсері болуы мүмкін. Мысалы, әлемдік мұнай бағасы да және басқа да иеліктердің доллармен белгіленгені айқын. Әлемнің басқа да елдерінде, оның ішінде ТМД елдерінде бірнеше ондаған миллиард доллар жинақталған. Қытайда доллар арзанға және кең көлемде сатыла бастаса, ол қорлардың жайы қандай болмақ?

Қазірдің өзінде әлемнің біраз елдері өз қаржыларын басқа қаржы белгілеріне ауыстыра бастайтындығын мәлімдесті.
XS
SM
MD
LG