МАНАГУА: Никарагуада жексенбі күні болып өткен президент сайлауында Даниэль Ортега көш бастап келеді. Бастапқы қорытынды бойынша, сандинистердің лидері 38 пайыздан көп дауыс жинаған. Сайлаудың бірінші сатысында-ақ жеңіске жету үшін өзінің ең жақын бақталасынан кемінде 5 пайыз дауыс артық алу керек. Әзірше Ортега жақын қарсыласынан 7 пайыздан да артық алған. Бірақ дауыстар әлі есептеліп жатыр. Д.Ортега – Никарагуаны 1979-1990-ыншы жылдар аралығында 11 жыл бойы басқарды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Шекарасыз тілшілер"
"Репрессияны модернизациялады". Қазақстан баспасөз еркіндігі рейтингінде 155-орында
AzattyqTV