Accessibility links

‘Атамекен‘ саяси партиясы Қазақстанда денсаулық сақтау саласын түбегейлі реформалау қажет деп санайды


Жуырда ғана құрылған саясатта оңшыл орта бағыт ұстанатын ‘Атамекен‘ партиясы Қазақстандағы денсаулық саласының бүгінгі қал жағдайын аса ауыр, дағдарысты жағдайда деп санайды. Сондықтан осы денсаулық саласын қалай жақсартуға бағытталған өз ұсыныс пікірлерін қоғам назарына және Қазақстан президенті мен Қазақстан үкіметі және Қазақстан парламенті назарына жеткізбек ойда екендіктерін білдірді.

Бұл жөнінде осы саяси партияның жетекшілері қарашаның 7-сі күні Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген кездесуде мәлімдеді. ‘Атамекен‘ партиясының саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстандағы кәсіпкерлер мен жеке меншік иелерін қорғау одағының президенті Василий Резванның айтуынша осы денсаулық сақтау жүйесіне жыл сайын бөлінетін қыруар қаржы яғни миллиардтаған теңге шенеуніктер тарапынан талан таражға түсіп нақты денсаулық саласына бармай жатыр. Оның айтуынша Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың ең көп былыққан жері осы денсаулық саласы болмақ.

Биылғы жылы үкімет денсаулық саласына 134 миллиард теңгенің қаржысын бөліп отыр. Бұл әрине осы саланы өркендетуге жеткілікті қаржы тек қана осы қаржының дұрыс жұмсалмайтындығы болмаса дейді ол.

Қазақстандағы денсаулық саласында ұзақ жылдардан бері істеп келе жатқан медицина ғылымының докторы, профессор Иван Корканның айтуынша кеңес одағы заманында Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі жақсы болып еді. Өйткені ауырсаң тегін емдеп, сол ауырудан жазылғанша диспансерде бақылауда ұстайтын. Қәзір оның бәрі басқаша. Қоғамда ауыру адам көбейген оның салдарынан халықтың орташа жас жасауы күрт төмендеген.

Мысалы бүгінгі күні Қазақстанда орташа жас 63, ерлердің орташа жас жасауы 58 ал әйелдердікі 71 жас болып отыр. Сондықтан көпшілік ер адамдар өздерінің зейнетақы жастарына жетпей бұл дүниемен қоштасуда дейді И.Коркан.

БҰҰ-ның дерек мәліметтері бойынша Қазақстан өз азаматтарының орташа өмір сүруі деңгейі бойынша әлем елдері арасында ең төменгі елдердің қатарында, 131-ші орында. Ең көп өмір сүретін халқы бар елдер ол Жапония, Сингапур, Австралия, Сан-Марино секілді елдер болмақ. Ондағы халықтар орташа 80-85 жас жасайды екен яғни Қазақстандағы халықтан 20 жас артық жасап отыр.

Профессор И.Корканның айтуынша Қазақстандағы халықтың осындай төмен орташа жас жасауының сыры ол халықтың түрлі ауыруларға ұшырағандығына байланысты болмақ. Бүгінгі күні Қазақстанда халықтың тек 30 процентейі ғана қандай бір дерт, ауырусыз, сау жағдайда ал қалған 70 процентейі түрлі ауыруларға ұшыраған.

2005 жылдың жағдайымен Қазақстанда әрбір он мың адамының 1792 –сі ауыру болып шыққан яғни бұл әрбір 100 адамының 18-і ауыру дегенді білдіреді дейді ол. Әсіресе ұрпақ әкелетін жастағы әйелдердің тек қана 12 процентейінің сау болуы бұл кімді де болсын үлкен ойға қалдырары сөзсіз дейді ол.

‘Атамекен‘ саяси партиясының төрағасы Ержан Досмұқамедов, Қазақстанда денсаулық саласы халыққа тегін қызмет көрсетуге толық мүмкіндігі бар деген пікір айтады. Ол үшін осы салада қызмет істейтін медбикелерден бастап, дәрігерлердің әсіресе ауылдық жерлерде істейтін дәрігер мамандардың айлық жалақыларын қосу керек, денсаулық саласындағы сыбайлас жемқорлықпен мықты күресу қажет сонда бұл орындалатын нәрсе дейді ол.
XS
SM
MD
LG