Accessibility links

Египет президенті Қазақстанға ресми сапармен келді


Қазақстан Мысырға астық сатуға және осы елдің теңіз айлақтарын пайдалануға мүдделі. Есесіне Қазақстан өз елінде Мысыр сауда үйін ашуға дайын. Бұл туралы Қазақстан президенті Назарбаев 7 қарашада Астанада Мысыр Араб республикасының президенті Хосни Мүбәракпен кездесуден кейін хабарлады. Өз кезегінде Мүбәрак жергілікті астыққа қызығушылымыз бар, бірақ тасымалдау проблемасы жоқ емес деп жауап берді.

Екі президенттің кездесуінен кейін Қазақстанмен Мысыр арасында бірнеше құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде екі ел тауарларының бір бірінің базарына кіруі жөніндегі хаттама бар. Қазақстанның статистика агенттігінің мәліметінше екі ел арасындағы тауарайналым биылғы жылдың тамыз айына шаққанда 14 жарым миллион доллар болған. Бұл өткен жылғыдан екі есе артық. Қазір Қазақстанда Мысырдың фармацевтикалық компаниялары жұмыс істейді. Олар негізінен Қазақстанға дәрі жеткізумен айналысады. Қазақстан президенті Назарбаевтың айтуынша екі ел үкіметтеріне елдердің экспорттық мүмкіншіліктерін зерттеу тапсырылды. Оның ішінде банк саласы, фармацефтика және тігін шаруашылығы аталды. Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан екі теңізге шығатын Мысыр айлақтарын пайдалануға қызығушылығы бар және Мысыр базарына үлкен көлемде қазақстандық астықты тасымалдауға мүмкіншілік бар, деді ол.

Қазақстан президенті Назарбаевтың айтуынша өз кезегінде Қазақстан Мысыр тауарларымен инвестициясына ашық. Бұл орайда біз Қазақстанда Мысырдың тауарларын сататын көрме яғни Қазақстандағы Мысырдың сауда үйін ашуды ұсындық, деді ол.

Өз кезегінде Мысыр Араб республикасының президенті Хосни Мүбәрак астыққа қызығушылымыз бар, бірақ тасымалдау проблемасы жоқ емес деп жауап берді. Ал Мысыр журналистерінің бірі Қазақстан президенті Назарбаевқа маман тарту мәселесі жайлы сұрақ қойды. Ресми мәлімет бойынша қазір Мысырда жұмыссыздық көрсеткіші 10 пайызға жуық. Қазақстан президенті Назарбаевтың айтуынша Қазақстан тұрғындарының аздығын ескерсе, 7-8 пайыз көлемінде тұрақты өсуін ескерсе елге жұмыс күші жетпейді, деді. Біз міндетті түрде Мысыр бауырлары Қазақстанда жұмыс ісейтіндігін ескереміз, деді ол.

Экономикамен қатар әдеттегідей мәдени қарым-қатынас сөз болды. Қазақстан президенті Назарбаевтың айтуынша бұл орайда Қазақстан Каирдағы «Сұлтан Бейбарс» кесенесін жөндеуге қатысуды жоспарлап отыр.

Мысыр журналистерінің бірі саясатқа бет бұрып Таяу шығыстағы мәселе жайлы сұрақ қойды. Жауап ретінде президент Назарбаев президент Мүбәрактың бейбітшілік үшін күресін жоғары бағалады. Естеріңізге сала кетсек 1967 жылы Мысыр Израилмен соғыс жүргізген, кейін Мысыр Израилді мемлекет деп таныды. Сол уақыттан бері Мысыр Таяу Шығыстағы бейбітшілікке үлесін қосып келеді, дейді тарихшылар. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, Мысыр территориясының едәуір бөлігін шөл алып жатыр. Сондықтан Ніл өзенінің жанында ел тұрғындарының 90 пайызы тұрады. 78 миллион адамның көбі ауыл шаруашылығымен айналысады. Мұның сыртында өндіріспен туризмге көп көңіл бөлінеді. Тарихшылардың айтуына қарағанда ежелгі фараондар елі тұрғындарының көбі христиан дінін қабылдаған кезінде шамамен жетінші ғасырда Мысырға арабтар басып кірген. Сол уақыттан бері Мысыр тұрғындарының көбі араб тілінде сөйлейді. Қазір Мысыр негізінен мұсылман елі.
XS
SM
MD
LG