Accessibility links

Американдықтар 7 қараша күні Конгрестегі аралық сайлауда дауыс берді


Бұл қарапайым американдықтардың осыдан екі жыл бұрын соңғы президенттік сайлау өткеннен бергі мерзім ішіндегі республикандықтардың билікті қалай жүргізігендігін алғаш рет бағалау мүмкіндігі. Дауыс берушілер сондай-ақ жергілікті губернаротларды сайлайды. «Азаттық» радиосының Вашингтондағы тілшілері АҚШ астанасы мен оның маңайындағы елді мекендердегі дауыс беру учаскелері ашылысымен, олардың бірқатарына барып, аралап көрген еді.

Вашингтонның сыртында 8 шақырым жерде жатқан тарихи Александрия қаласындағы дауыс беру орындарының бірі - қалалық билік кеңсесінде орналасқан. Бұл сайлау учаскесі кеше Астана уақытымен кешкі сағат 5-те ашылды. Дауыс беру бекетінен барлық кандидаттардың түрлі-түсті суреттері мен олардың бағдарламаларын, түрлі плакаттарды көруге болады.

Әр кандидаттың сенімді өкілдері немесе үгітшілері дауыс беруге келе жатқан сайлаушыларды олардың қолдарына өз үміткерлерінің өмірбаяндары, басқа да деректер жазылған қағаздарды ұстатып, танысып шығыңыздар деп, ең соңғы сәтте болса да бірер қолдаушыны өз жақтарына тартуға тырысып қалуда. Бірақ олар дауыс беретін кабиналар тұрған бөлменің есігіне дейін 10 метрден қашық жерде тұрулары керек, одан әрі жақындай алмайды.

Дауыс беру залында кезек күткен 50 шақты адам көзге түседі, олардың көбі зейнеткерлер және баламен үйде отырған аналар тәрізді, көбі кішкентай сәбилерін ерте келген.

Зейнеткер Боб Маккасслин өзінің дауыс беруге алдымен келу себебін - сайлауға қатысуды өзінің азаматтық борышы деп білетіндігімен түсіндіреді. Ол өзінің сенатта республикандық кандидат Джорж Алленнің жеңіске жетуін қалайтындығын айтты. Аллен Сенатқа дейін Виржиния штатының губернаторы болған, ол президент Буштың саясатын қолдаушылардың бірі.

- Иә біз өзіміздің бұрынғы губернаторымыз үшін жақсы сайлау өткізудеміз, ол өзін өте жақсы адам ретінде көрсете білді, мен ол жеңіске жетеді деп үміттенемін.

Ал Маккасслиннің қасында тұрған Чарли деген азамат Сенатта демократиялық партияның үміткері Джим Уебтің жеңісін қолдайды екен, ол үстіндегі пальтосына Уебтің аты-жөнін бірнеше жерден үлкен етіп жазып та алған. Чарли өзінің Демократтар кандидаты Уебке дауыс беруінің себебін - Ирақ соғысына қатысты көзқарасымен түсіндіреді.

- Мен біздің Ирақтағы соғысымызға қатысты қатты алаңдаймын, біз онда адамдарды жоғалтып жатырмыз. Уеб бұл соғысқа төрт не бес жыл бұрын қарсы болған. Ол кезінде теңіз-жаяу әскері ретінде соғысты көрген, сондықтан оның не екендігін ол жақсы біледі.

Виржиния штатның тұрғындары 7 қараша күні Конгрестегі заң шығарушылар үшін ғана емес, сонымен қатар штат Конситуциясында бір жынысты жандардардың, демек гейлердің үйленуіне қарсы бапты енгізуге де дауыс беріп, осы тұрғыдағы да өз таңдауларын жасайды.

Бұл күні АҚШ-тағы басқа да бірқатар штаттардың сайлаушылары аралық Конгресс сайлауында осы гейлер мәселесіне қатысты өз көзқарастарын білдіру үшін дауыс берді.

Александрия сайлау комиссиясының секретары Мэри ЛеМуа сайлау бюллетеніндегі сұрақты оқып берді.

- Тек қана ер адам мен әйел ғана одақ құрып, жұп болып, үйлене алады. Сонда ғана ол мойындалады. Менің білуімше, демократтар адамдарды бұған қарсы дауыс беруге үгіттеуде, - дейді ол.

Көптеген сайлаушылр бүкіл АҚШ территориясында бүгін түнімен дауыстардың қалай саналып жатқанын өз көздерімен көріп, бақылады. Ал Америка құрылығында таң атқанға дейін ақ көптеген аймақта дауыс берулердің саны нақтыланып, санау нәтижесі де белгілі болып қалады.
XS
SM
MD
LG