Accessibility links

Коммунистердің лидері 16 жылдан кейін билік басына оралуға жақын тұр


МАНАГУА: Никарагуада жексенбі күні болып өткен президент сайлауында коммунистік Сандинистер партиясының лидері Даниэль Ортега көш бастап келеді. Бастапқы қорытынды бойынша, сандинистердің лидері 39 пайызға жуық дауыс жинаған. Консерваторлар Эдуардо Монтелиегре мен Хосе Ризо 31 пайызға және 23 пайызға жуық дауыс жинаған. Сайлаудың бірінші сатысында-ақ жеңіске жету үшін өзінің ең жақын бақталасынан кемінде 5 пайыз дауыс артық алу керек. Д.Ортега – Никарагуаны 1979-1990-ыншы жылдар аралығында 11 жыл бойы басқарды.
XS
SM
MD
LG