МӘСКЕУ: Бүгін Мәскеуде Ресей мен Словакия президенттері В.Путин мен Иван Гаспаровичтің келіссөзі басталды. Оның барысында қуат көздері және инфрақұрылым жобалары бойынша ынтымақтастық мәселелері талқылануға тиіс. И.Гаспарович Мәскеуге 5 күндік сапармен дүйсенбі күні келді. Бүгін таңертең болып өткен екі жақты экономикалық ынтымақтастық форумында словак президенті өткен жылы 3 млрд. доллардан асқан екі елдің тауар айналымын жоғары бағалады.