АҚШ-тың Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы жүргізген зерттеу бойынша, бюджет туралы ақпараттың ашықтығы жөнінен Қазақстан 59 елдің ішінде 43-інші орында тұр, деп жазады «Московсокий комсомолец в Казахстане» газеті. Басылым дерегінше, Қазақстан бюджетінің ашық болмауының бірнеше себебі бар. Біріншіден, алдағы жылдың бюджет жобасын Парламент назарына ұсынғанда Үкімет, өткен екі жыл бойынша, бюджеттің орындалуына байланысты есеп беруі керек. Қазақстанда мұндай есеп берілмейді. Сондай-ақ, тұрғындар бюджет жобасының маңыздылығын түсінуі үшін, жоба қарапайым тілмен баспасөз беттерінде жариялануы тиіс. Қазақстанда бұл талап та орындалмайды деп жазады «Московский Комсомолец в Казахстане» газеті.
«Известия Казахстан» басылымының дерегінше, Қоғамдық мәселелерді талдау орталығының тізіміне енген 59 елдің үкіметтері бюджет қаржысын жұмсау және кіріс бөлімі мен қарыздар туралы ай сайын халық алдында есеп беріп отыруы тиіс. Ал бұл тізімде 43-інші орынға ие болған Қазақстанда, үкіметтің қаржылық қызметі жөнінде ақпараттың тек 43 пайызы ғана халыққа жария етіледі деген сөз. Сондай-ақ, үкімет парламент назарына ұсынған бюджет жобасы да халыққа таныстырылуы тиіс, деп жазады «Известия Казахстан»
«Айқын» басылымы, сейсенбі күні Қазақстан Парламентінің бірлескен отырысында бюжет жобасын талқылау, республикалық телеарналардың бірінен тікелей эфир арқылы көрсетілгенін жазады. Алайда, басылым дерегінше, Үкіметте тікелей эфир арқылы теріс мәлімдемелер таратылунан қауіптенгендіктен, кейбір депутаттардың микрофоны өшірілген. «Шенеуніктер сонша қорықпаса да болады екен. Өйткені «үкіметтегілер жүргізген халық қалаулыларын кең ауқымды өңдеу» науқаны өз жемісін бергенге ұқсайды. Қаншама кемшіліктері болса да 2007 жылдың бюджет жобасы, алғашқы оқылымда мақұлданды», - деп жазады «Айқын» газеті.
«Московский Комсомолец в Казахстане» басылымының дерегінше, британдық сайқымазақ Саша Коэннің Қазақстан туралы деректі филімі, Ұлыбританияда өткен жұма күні көрсетілген. Осы елдің жергілікті газеттері бұл филімге, жыл комедиясы деп баға беріпті. Ал, британдық «Times» газеті, филімге қатысты Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысовтың пікірін жариялапты. Онда елші, пародиялық деректі филімімен әлем назарын Қазақстанға аударғаны үшін, қазақтар Саша Коэннің алдында қарыздар екенін айтыпты, - деп жазады «Московский Комсомолец в Казахстане» газеті.
«Экспресс К» басылымы, Қазақстанда соңғы жылдары ашылған ғылыми жаңалықтар жайында деректі филім түсіру басталғанын жазыпты. Ондағы мақсат, көпшілікке отандық ғылыми жетістіктер туралы толыққанды мағұлмат беру. Бұл филім үшін, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан 50 жоба таңдалынып алынған. 26 минуттық 10 сериялы филім 2007 жылдың көктемінде жарыққа шығарылмақ деп жазады «Экпресс К»