Accessibility links

Иранның жоғары лауазымды өкілі Әли Ларижани Мәскеу сапарында жүр


Иран өкілі Ресей ресмилерімен Иранның ядролық бағдарламасы және осы төңіректегі халықаралық күш-жігер турасында кеңесулер өткізді. Ресей Иранның ядролық бағдарламасына байланысты БҰҰ-ның қарарына түзетулер енгізуді ұсынған, Әли Ларижани Тегеран ядролық бағдарлама турасындағы келіссөзді жалғастыруға дайын деп айтқан. Ол МАГАТЭ инспекторларымен бірлесе жұмыс істейміз, бірақ та бейбіт мақсат үшін атом өндіру хұқымызды талап етеміз деген. Игорь Иванов келіссөз сенбіде жалғасатын болады деді. Мәскеу Иранның ядролық қаруды дамытуына қарсы болғанымен, Иранға қарсы қатаң санкциялар салынуын қолдамайды. Ондай шараларды Батыс елдері, әсіресе АҚШ-ың талап етіп келе жатқандығы аян.
XS
SM
MD
LG