Accessibility links

Қырғызстан бас министрі Феликс Құлов қысқа уақытта өте жедел қабылданған жаңа Ата заңға алаңдаулы


Феликс Құловтың айтуынша, Қырғыз парламенті әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енетін қауіпті жаңалық жасаған. Құловпен кездескен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымының басшысы Маркус Мюллер де жаңа заңның өте тез қабылданғандығын мойындап, былай дейді:

– Ата заңның мұншама жедел қабылданғандығы әлем тәжірибесінде кездеспейді. Бірақ, Қырғызстандағы қалыптасқан дағдарыс жағдайында бәлкім бұл шешім орынды болған да шығар, себебі, болашақ жұмысқа негіз қаланды.

Қырғызстандағы оппозициялық ереуілдер нәтижесінде, сәрсенбі күні Қырғыз парламенті өте жедел екі оқылудан кейін жаңа конституциялық заң қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG