Accessibility links

Ауғанстанда ай сайын өткен жылғыдан 4 есе көп халық қырылады


КАБУЛ: Өткен 5 күнде Ауғанстанның шығысында болып өткен шайқастарда талай тәліптің көзі жойылды. Бірақ террористік қастандықтар мен өзге де қантөгістерден Ауғанстанда ай сайын 600-ге жуық, яғни өткен жылғыдан 4 есе көп халық құрбан болып келеді. Ауған үкіметінің жанындағы арнаулы үйлестіру кеңесінің есебінде осындай мәлімет келтірілді. Құжатта сондай-ақ қантөгістің ұлғаюы мен жемқорлықтың кең етек жаюы салдарынан Ауғанстанның экономикалық даму қарқыны күткендегіден едәуір төмен болып отырғаны айтылады.
XS
SM
MD
LG