ЦХИНВАЛИ: Кеше Оңтүстік Осетияда тәуелсіздік жариялау мәселесі бойынша референдум және президент сайлауы болып өтті. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, дауыс беруге сайлаушылардың 94 пайызға жуығы қатысып, оның 99 пайызы тәуелсіздікті қолдап дауыс берді. Референдумның ақырғы нәтижесі бүгін жариялануға тиіс. Ресейден басқа Батыс елдері мен Грузия референдумды “заңсыз” деп есептейді. Президент сайлауында қазіргі республика басшысы Эдуард Кокойта жеңіске жететін тәрізді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі