Accessibility links

Вашингтон Ирақтағы алдында қойған мақсат-мүдделерінен бас тартпайды


БАҒДАД: Ресми Вашингтон Ирақта алдына қойған мақсаттарына міндетті түрде жетуді көздейтінін тағы да растады. Ол жайында дүйсенбі күні Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәликиге жолыққанында Ирақтағы коалициялық күштердің бас қолбасшысы, АҚШ генералы Джон Абизаид хабарлады. Ирақтағы қантөгіс толастар емес. Кеше Бағдадта кем дегенде 21 адам, оның ішінде 8 партизан құрбан болды. Осы күні Бағдадтың төңірегінен жәбірлеудің және оқтың іздері бар 46 ер кісінің мәйіті табылды. Кейбір мәйіттің бас сүйегі жоқ. АҚШ әскері Салахаддин өңірінде тағы 2 жауынгерінің қаза болғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG