Accessibility links

Украина сайлаушылары НАТО-мен дереу жақындасуды онша қолдамайды


КИЕВ: Кеше “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында Украина президенті В.Ющенко елді НАТО-мен және Еуропа Одағымен жақындастыруды көздейтін заңдардың күшінде қалатынын және орындалып жатқанын мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, “жақындасу” саясатының қайсыбір бөлігінен бас тарту туралы ешқандай шешім қабылданбаған. В.Ющенконың айтуынша, жақындасуға “асықпау” туралы кейбір мәлімдеменің болуы мүмкін. Өйткені, сайлаушылардың бір бөлігі НАТО-мен дереу жақындасуды қолдамайды. Бірақ сайлаушылар, -деп атап көрсетті Украина президенті, НАТО-мен ынтымақтасу идеясын қабылдауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG