Accessibility links

Тәжікстанда Өзбекстан ислам қозғалысына қатысқандар сотталып жатыр


Тәжікстан Жоғары сотында Өзбекстан ислам қозғалысына қатысы бар азаматтардың соты кеше қайта басталды. Он бір азамат тыйым салынған ұйымға қатысты, қолдау танытты деп айыпталып отыр. Оларға кісі өлтірді, қарақшылық жасады, заңсыз қару ұстады деген бірнеше айып тағылған. Прокуратура бұл азаматтар Душанбеде министрлік кеңсесін нысанаға алып, екі жарылыс жасаған дейді. Айыпталғандардың арасында екі Өзбекстан азаматы бар.
XS
SM
MD
LG