АҚШ соты Ирақта қызмет еткен америкалық сарбаз 14-жасар Ирақ қызын зорлаған, осы қыз бен оның үй-ішін өлтіруге атсалысқан деп тапты. Енді үкім шығарылмақ. Джеймс Баркер деген сарбаз өлім жазасынан құтылу мақсатында кінәсін мойындады, дейді оның заңгері. Қылмыс наурыз айында Махмудия қаласында жасалған делінеді. Іс бойынша төрт америкалық сарбаз және қызметтен кеткен тағы бір сарбаз жауапқа тартылып жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV