Accessibility links

Биылғы жылы инфляция көрсеткіші Қазақстан үкіметі белгілеген ең жоғарғы шектен асып 8,5 пайызға жетті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жылдан бастап ипотекамен пәтер алу талаптары жеңілдетілуі мүмкін екендігін айтты. Астанада қарашаның 15 күні қаржыгерлер конгресінде президент осы мәселені зерттеуді банкирлерге тапсырды. Ал, конгресс қатысушылары болса керісінше қосымша пәтер сатып алатын адамдар үшін бірмерзімдік салық енгізуді ұсынды.

Қазақстан президенті Назарбаев ипотекамен пәтер алу саласында Сингапур тәжірибесін зерттеуді тапсырды. Ондағы жұртшылық пәтер құнының бір бөлігін зейнет қорындағы ақшадан салуға құқылы. Және мұны созудың қаженті жоқ. 6,7 миллиар долларды экономикаға салып шайқалып болғанша уақыт кетеді, деді президент Назарбаев.

Конгресс қатысушылары болса қосымша пәтер сатып алатын адамдар үшін бірмерзімдік салық енгізуді ұсынды. Бұл ұсыныс конгрестің қорытынды резолюциясында жазылды. Онда айтылғандай ұсыныстың негізгі мақсаты жылжымайтын мүлік саласындағы алып сатарлықты азайту. Бақылаушылардың пікірінше дәл осы қосымша пәтер алатындар оларды жалға беріпқана пайда табады. Риэлторлардың айтуынша Астанада пәтердің ішін әрлеп, Еурожөндеуден өткізсе, оны жалдау құны 1500 долларға жетеді. Астанада пәтер жалдап тұрамын деп шаршадым, дейді қалаға көшіп келген Айдос Ертаев:

- Әуелі келген жылдарымызда пәтер жалдап тұру 100-ақ доллар болатын. Қазір 10-20 есеге қымбаттап кетті деп айтуға болады. Өйткені, қазір қымбат емес орташа пәтерлердің өзін тіпті мың долларға жалдайды. Мен қазір өзім тұрып жатқан шағын бөлменің өзіне 500 доллар сұрайды.

Ал, пәтерлерді жалға беріп жүрген адамдар керісінше қуанып отыр. Пәтерді жалға алу бағасы болса, ай сайын өсіп отырады, дейді Астанадан арзан кезінде бірнеше пәтер сатып алған кәсіпкер Ербол Жағыпаров:

- Бір пәтерім қаланың ішінде. Орталықтағы қымбатырақ. Қаланың шетіндегісін арзанға берем. Ең арзаны 500 доллар. Егер, ақшасын төлей алмаса мен басқа адамдарды кіргізем. Өйткені клиенттер көп.

Сарапшылардың бағалауынша Астанадағы пәтерлердің тең жартысы қазір жалға беріледі. Бірақ, Қаржыгерлер конгресінің қатысушылары мұның сыртында пәтерді ала салып 2-3 жылда қайта сатқысы келетін адамдарғада салықты күшейтуді ұсынды. Қазақстандың консалтинг фирмаларының мәліметінше Астананың қозғалмайтын мүлік базарында пәтерлердің әр шаршы метрі 3000 долларға жеткен. Қозғалмайтын мүлік базарындағы экономистердің пайымдауынша, жаңа пәтерлердің құны құрылыс материалдарының бағасына орай көтеріледі. Экономист Валентин Макалкиннің пікірінше, жаңа пәтерлердің бағасы көтерілген соң оған қолы жетпеген адамдар ескі пәтерді алғысы келеді. Ал, сұраныс өскен кезде ескі пәтерлердің иелеріде бағаны көтеріп жібереді, дейді ол.

Президент Назарбаев болса пәтер құнының шарықтап өсуін дереу зерттеп шара қолдануды тапсырды.
XS
SM
MD
LG