Accessibility links

Ресейде шетел азаматтарына базар саудасымен айналысуға уақытша тыйым салынады


Ресей бас министрі Михаил Фрадков шетел азаматтарына базар саудасымен айналысуға уақытша тыйым салынады деп жариялады. 2007 жылдың 1 қаңтарынан арақ сату, дәрі-дәрмек сату құқы тек Ресей азаматтарына берілмек. Ал базар саудасы 1 сәуірден келесі жылдың соңына дейін тек Ресей азаматтарына өтпек. Бұл шара базар саудасына Ресей азаматтарын тарту мақсатында жасалып отыр деп ресми сипатталды. Ресейде базар саудасын негізінен Орталық Азия мен Кавказдан келгендер жасайтыны аян.
XS
SM
MD
LG