Accessibility links

Оңтүстік Кавказ елдері Еуропа Одағының “Көршілес Саясат” қимыл әрекет жоспарына қол қойды


Еуропа Одағы Армения, Әзірбайжан және Грузия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Сөйтіп, Брюссель бұл Оңтүстік Кавказ елдері саяси және экономикалық реформалар жасаған жағдайда, Еуро Одақтың базарына шығуға жол береді. Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Хавьер Солана кеше қарашаның 14-інде, Азаттық радиосындағы Армения мен Әзірбайжан редакцияларының жетекшілеріне сұхбат берген еді.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: - Бұл оңтүстік Кавказ елдерімен жасалған Еуропалық көршілес қимыл-әрекет жоспары қызықты жоба болып көрініп отыр? Бұл жоба Армения, Әзірбайжан және Грузия халқына не береді?

Хавьер Солана: - Бұл Әзірбайжан халқына көп нәрсе береді. Өзіңіз білетіндей, бұл Армения, Әзірбайжан және Грузия елдерінің үкіметтерімен ынтымақтастық жоспары. Оның мақсаты бар, ол барлық елдерді механизммен Еуропа Одағына жақынырақ ететін көршілес саясат дегеніміз ақырында елдердің Еуропа Одағына мүше болуына әкелген ұқсас технология. Сол себепті, біз үкіметтік жұмыстардың әр жағын экономикада, саясатта және тағы басқа салада сараптап жатырмыз. Одан кейін қимыл-әрекет жоспарын құрамыз. Сондықтан онда саясаттағы жағдайлар, экономикадағы нәрселер болады, тек макроэкономика немесе микроэкономика ғана емес экономиканың барлық секторындағы мәселелер болады. Және бұл ең маңызды бөлігі болып табылады. Бұл атаулы елдердің үкіметтері мен Еуропа Одағы арасында келісілді. Бұл сіздердің халыққа не береді дегенге келсек, егер үкімет жақсы болып, барлық жағдайды жасаса, Еуропа одағы сіздің үкіметке көмегін жалғастыра береді.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: - Егер бұл елдердің үкіметтері жақсы болмаса, онда не болады?

Хавьер Солана: - Жақсы, егер үкіметтер жақсы болмаса, өзінің елестете алатындай, ол үкіметтермен ынтымақтастық азаятын болады. Егер үкімет біз берген көмекті дұрыс қолданса, Көршілес саясат көмектесуін жалғастырып, ынтымақтастығын ұлғайта береді. Сондықтан, бұл екі жақты келісім және сондықтан өзара ұтымды. Сіз бәрін дұрыс жасасаңыз, көбірек ұтасыз. Сіз жетерліктей жұмыс жасамасаңыз, үкімет мүмкіндігінше әрекет етпесе, одан аз нәрсе алады. Бұл саяси технология Еуропа одағы елдерінің жаңа мүшелеріне де қолданылған. Сала саламен, жарғы жарғымен өте жақсы ұйымдасқан жұмыс. Біздің оны жасауда үлкен тәжірбиеміз бар.

АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ: -Бұл аймақта көптеген шиеленіс-қақтығыстар бар ғой, Грузияда, Әзірбайжанда жікшілдік жанжалдар бар екені белгілі. Армения мен Әзірбайжан әлі күнге соғыс жағдайында. Ол жерлерде атыс тоқтатылған, олар әлі келісім жасасып жатыр, қимыл-әрекет жоспары ол аймақтағы “қатып қалған қақтығыс” туралы айтады. Бұл тұрғыда Еуропа Одағы бұл елдердің ынтымақтасуына қалай көмектесуді жоспарлап, бұл қақтығыстарды қалай шешуді жоспарлап отыр?

Хавьер Солана: - Еуропа одағы мен Оңтүстік Кавказ елдерінің жасаған бұл қадамдарынің екі жағы бар. Өйткені, әрбір ел үшін бұл жоспардың соңы бірдей емес. Бірақ, олардың аймақтық ынтымыақтастық құруға көмектесуде ортақ мақсат-мүддесі бар”.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG