Accessibility links

Ирақта қылмыс жасаған америкалық сарбаз 90 жылға кесілді


АҚШ соты Ирақта қылмыс жасаған америкалық сарбазды 90 жыл түрмеге кесті. Джеймс Баркер 14-жасар жергілікті қызды зорлаған, осы қыз бен оның үй-ішін өлтіруге қатысқан деп табылды. Джеймс Бакер рақымшылыққа 20 жылдан кейін ілінуі мүмкін. Ол өлім жазасынан құтылу мақсатында кінәсін мойындаған, тергеуге атсалысқан. Қылмыс наурыз айында Махмудия қаласында жасалған. Іс бойынша үш америкалық сарбаз және қызметтен кеткен тағы бір сарбаз тергеліп жатыр.
XS
SM
MD
LG