Кейбір дәйектелмеген мәліметтерге қарағанда, Ирақта кепілдікке түскен бес батыс елдері азаматының екеуі босатылды. Австрия азаматы және АҚШ-тың төрт азаматы кепілдікке бейсенбі күні түсіп қалған. Олар жүк мәшинелерін күзетіп келе жатқан болатын. Басра провинциясының әкімі Мұхамад Әл-Уайли Ирақ полициясы операция өткізіп, кеше екі тұтқын азат етілді деді. Ол бір тұтқын шекара маңында өлі күйінде табылды деді, алайда оның қай ел азаматы екенін айтпады. АҚШ-тың Бағдадтағы өкілдері мәліметті дәйектей алмаймыз деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?