Accessibility links

Еуропа Одағы мен Ресейдің келіссөздеріне вето қойған Польшаның шешімі өзгермеді


Еуропа Одағы мен Ресейдің келіссөздеріне вето қойып отырған Польшаның шешімі өзгермеді. Еуропа Одағының кезекті президенті Финляндияның бас министрі Матти Ванханен Польшамен жасалған келіссөзде табысқа қол жеткізбедік, Польша ветосын қайтармай отыр деді. Мәселе түйіні - Польша Ресеймен тіл табыса алмай отыр, Ресей Польшадан келетін ет импорты шектеуін алсын дейді. Ресей ет сапасы мәселесін алға тартып бұған көнбей отыр. Бұдан соң Польша Еуропа Одағындағы құқын пайдаланып, Еуропа Одағы мен Ресейдің келіссөздерін тоқтатып отыр.
XS
SM
MD
LG