Accessibility links

Қырғызстан бас муфтиі қызметінен кетсін деген талап шықты


Қырғызстан мұсылмандарының белсенділері бас муфти Мұраталы қажы Жұманов қызметінен кетсін деп талап қойды. Елде ықпалы көп "Уламалар кеңесінің" бес мүшесі Мұраталы қажы Жұманов сыбайлас жемқорлыққа батқан, айналасына туған-туыстарын жинаған деп мәлімдеді кеше. Мұраталы Жұмановтың өзі бас муфтидің кетуі үшін "Уламалар кеңесінің" кемінде үштен екісі дауыс беру керек деді. Ал бас муфти кетсін деп талап қоятындар ұйымда 30 мүше болса бас муфтидің кетуін он алтысы қалайды дейді.
XS
SM
MD
LG