Accessibility links

АҚШ президенті Буш бүгін Ханойға келді


Вьетнам соғысынан кейінгі бұл АҚШ-тық аса жоғары дәрежелі ресми басшылықтың 2-сапары болып тұр. Буштан бұрын президент Клинтон 2000-жылы Вьетнамға келген болатын. Дж.Буш Ханойда Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастық форумына қатыспақ. 1975-жылы Советтік коммунистер қолдауындағы Солтүстік Вьетнам АҚШ демеушілігіндегі Оңтүстік Вьетнам режимін күшпен құлатқан болатын.
XS
SM
MD
LG