Accessibility links

АҚШ өзінің азаматтық ядролық отыны мен ядролық технологиясын Үндістанға сататын болды


Республикашылардан сенатор Лугардың айтуынша, бұл келісім оңтүстік Азиядағы тұрақтылыққа қажет болмақ.

- Сондықтан, мен бұл АҚШ-Үндістан келісімін әріптестерімді қолдауға шақырамын. Ол АҚШ-тың бейбіт мақсаттағы ядролық ынтымақтастығы, ұлттық қауіпсіздік үшін қажетті келісім-шарт, - деді сенатор Лугар.

Бұл үшін АҚШ сенатынан 85 мүше қолдап дауыс берсе, 12-сі қарсы болды. Енді, оның есесіне, Үндістан өзінің азаматтық атомдық бекеттеріне халықаралық инспекторлардың келуіне рұхсат беретін болды. Дегенмен, кейбір сенаторлар Үндістанның Иранмен өзара әскери байланысын тоқтатуды талап еткенімен, ол ұсынысты көпшілік қолдамады.
XS
SM
MD
LG