Accessibility links

Үндістан 250 шақырымға самғайтын соғыс зымыранын сынақтан өткізді


ДЕЛИ: Үндістан ядролық оқтұмсықты алып, 250 шақырымға дейінгі орта қашықтыққа ұша алатын соғыс зымыранын сынады. Ресми хабарға қарағанда, зымыран елдің шығысындағы Орисса штатында орналасқан әскери полигоннан ұшырылған. Үндістан үкіметінің мәлімдеуінше, таяу апталарда зымырандардың осы түрі жаңа сынақтан өткізіледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG