Бұрынғы КГБ агенті әрі Кремль сыншысы Александр Литвиненко Лондон ауруханасында қарулы күзет астында жатыр. Литвиненко қарашаның бірі күні марқұм журналист Анна Политковская туралы мәлімет айтқан бір кісімен Лондондағы бір ресторанда тамақтанған соң ауырып қалғанын айтады. Литвиненконы емдеп жатқан дәрігер ол таллиймен уланған көрінеді деп мәлімдеді. Британия полициясы осыған байланысты тергеу ісін жүргізуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?