Accessibility links

Ресей Вьетнамның ядролық энергетика саласына инвестиция жұмсауға дайын


ХАНОЙ: Бүгін Ресей мен Вьетнам екі жақты экономикалық ынтымақтастығын кеңейту және терроризмге қарсы бірлесіп күресу жөнінде уағдаласты. Ханойда сапарда жүрген Ресей президенті В.Путин Ресей Вьетнаммен арада энергетика, оның ішінде ядролық энергетика саласындағы қарым-қатынасын дамытуға дайын деп мәлімдеді. Сондай-ақ, екі жақ бірлескен мәлімдемесінде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дипломатиялық тығырықтан шығудың “саяси және дипломатиялық” жолдарын табуға шақырды.
XS
SM
MD
LG