Бір одақ аясында біріккен шығармашылық ұйымдар өнер адамдарының үнемі әкімшілік, үкімет назарынан тыс қалып, олардың құқықтары да жиі бұзылатындығын тілге тиек етті. Олар бүгінде шығармашылыққа өмірін арнағандар өздерін өздері қамтамасыз етіп жатқанын, ендігі уақытта олар өз мәселелерін ортақтаса шешуді ұйғарғанын айтты:
- Біз бұрын шашырап, мәселелерімізді жеке шешетінбіз. Енді міне, бір одақ болып шешетін боламыз. Керек болса, партия да болып кетеміз.
Кинематографистер одағының төрағасы Игорь Вовнянко шығармашылық одақтар ешқандай саяси маңызы жоқтығынан, осындай күйге тап болды дейді:
- Біздің одақтардың қызметі «Қоғамдық ұйымдар туралы» заңмен реттеледі. Сондықтан да, заңда көрсетілгендей, одақтар – саяси өмірге қатыса алмайды. Біз қандай да бір заң жобасын жасасақ – оны талқыға салмайды, қабылдамайды. Сондықтан да, біздер дауыссыздың күйін кешудеміз. Бізге деген құрметтің жоғы да осыдан!
Шенеуніктердің өнер адамдарына назар аудармайтындығы – барлық шығармашылық одақ басшыларының ызасын келтіруде.
- Бір де бір алматылық суретші пәтерге ие болған емес. Сол секілді, бір де бір композитор, бір де бір архитектор да алған емес.
Музыка саласындағы қызметкерлер одағының төрағасы Қуаныш Оразғалиев елде әртістерге ешқандай материалдық қолдау көрсетілмейтіндігін айтады:
- Олардың барлығы шетелге ауып жатыр.
Оның сөзіне суретшілер одағының төрағысы Еркін Мергенов та қосылады:
- Суретшілерде пенсия жоқ. Олар тапсырыстан тапсырысқа дейін өмір сүреді.
Туынды жазуда тоқырау болып тұрғаны да назардан тыс қалмады. Суретшілер одағының төрағасы Еркін Мергеновтың ойынша, оған себеп - мемлекет тарапынан қандай да бір идеология ұсынылмағандығынан.
- Идеология жоқ. Мемлекет азаматтарын біріктіретін идеология аса қажет. Өйткені, өнер адамдарына дүниеге шығырма әкелу үшін – мән керек. Ал біздің ісімізден мән кетті. Не істеп жүрміз? Кім үшін? Не үшін?
Шығармашылық одақтардың конфедерациясының алғашқы конференциясы 1-желтоқсанда өтеді деп хабарлады Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев. Онда шығармашылық ұйымдар өкілдері өздеріндегі барлық өзекті мәселелер жайын талқылауды жоспарлап отыр.