Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі сейсенбі күні Ливанның өнеркәсіп министрі Пьер Джемайелге жасалған қастандықты айыптады. Қауіпсіздік Кеңесі сонымен қатар, 2005 жылы Ливанның бұрынғы премьер министрі Рафик Харириді қастандықпен өлтірді деп күдіктелгендерді жауапқа тартатын арнайы халықаралық сот жоспарын мақұлдады. Джемайелдің өлімі Ливандағы саяси дағдарыс барысында Сирияға жақын алты кабинет мүшесінің қызметінен кеткен тұста орын алып отыр. Ливан өнеркәсіп министрі Пьер Джемайелдің өліміне байланысты бейсенбі күнгі тәуелсіздік мейрамына арналған шараларды өткізбейтін болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты