Accessibility links

Қазақстан президентінің Ұлыбританияға сапары жалғасуда


Бүгін Британияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонның қорлар биржасының таңғы үдерісін ашты. Одан кейін Назарбаев Лондон қаласының мэрі Джон Стуттардпен және британиялық кәсіпкерлермен келіссөздер өткізбек. Сейсенбі күні қазақстан басшысы II Элизавета патшайыммен, Британия премьер министрі Тони Блэйр және қаржы министрімен кездескен болатын.
XS
SM
MD
LG