Accessibility links

Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдануы аймақтағы көршілес мемлекеттерге қандай әсер етуі мүмкін?


Дүниежүзілік сауда ұйымына Ресейдің қабылдануынан, әрине, алдымен одан қандай пайда болары негізгі мақсат екендігі белгілі. Бірақ ол мүшеліктің көрші елдердегі дәстүрлі сауда-саттыққа әсері болары тағы да бар. Шағын Қырғызстанның өзі ол сауда ұйымына мүше болып отырғанда Ресейдің ондай ниеті жоқ деу орынсыздау болар.

Өткен аптада АҚШ президенті өзінің Шығыс Азия сапары кезінде жолай Мәскеуде аялдап, президент Путинмен сырласқаннан кейін Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына енді үлкен кедергінің болмайтындығы байқалып қалды. Дәлірегі, АҚШ пен Ресей тікелей өзара сауда келісіміне қол қойды.

Дегенмен, тағы екі қадам қажет. Енді, бұрынғы одақтас елдерден Молдово мен Грузияның мақұлдауы керек болып тұр. Бұл ұйымға мүше екі елдің жұмыс тобы өз қарсылықтарын, әрине, Ресеймен соңғы кезде орын алған саяси, экономикалық даулармен байланыстыруы мүмкін. Молдово мен Грузия бұл мүмкіндіктен сәтті пайдаланып қалуға күш салуы да мүмкін.

Грузияның бұрынғы экономика министрі, парламент депутаты Ладо Папаваның АҚШ сапары кезінде ол Ресей қаржы министрінен Грузиядан келетін импортқа тыйым сала отырып Ресей қалайша Дүниежүзілік сауда ұйымынан үміткер болмақ депті. Ал сол сұраққа АҚШ пен Ресей басшылығы кездесуінен сәл алдын қаржы министрі Кудрин Папаваның айтуынша, төмендегідей жауап беріпті.

– Кудрин тіптен ДСҰйымына мүше елдер арасында даулы мәселе бар дейді, Бірақ Кудриннің айтуынша, Ресей мен Грузия ол мәселені шеше алуы мүмкін екен. Орыстар грузин шарабын жақсы көреді, сондықтан бұл мәселе жыл соңына дейін шешімін тауып қалар деген үмітте, - дейді екен министр Кудрин.

Грузияның экономика және реформа бойынша министрі Вахтаң Лежава жақында Ресейдің Грузия шарабымен минералды суына жариялаған сауда эмбаргосын тоқтату бойынша өз әрекет жоспарын ұсынды. Лежаваның пікірінше, Ресей эмбаргосы 2004-жылғы екі жақтама келісім талаптарына қайшы.

- Біз 2004-жылғы қол қойылған қаттама талаптарын орындағанда ғана Ресейдің ДС Ұйымына мүшелігін қолдауымыз мүмкін, - дейді Лежава.

Ресейдің импорттық заттар эмбаргосына Молдова да кезігіп отырғаны рас. Бұл орайда Молдово экономика министрі Игор Додованның тілшімізге айтқаны төмендегідей.

– Біз Молдовадан шығарылатын азық-түлік заттары мәселесін талқыламақпыз. Сондықтан, ДСҰйымының ережелеріне орай тамақ пен шарапқа жарияланған эмбарго алынуы керек. Ал Ресейдің импорттық өнімдерге жариялаған эмбаргосына негіз, дәлел жоқ, - дейді Молдовалық министр.

Ал, Грузия мен Молдоводан ерекшелігі сауда-саттық мәселесінде Ресейге тәуелді көптеген елдер ДСҰйымына мүше емес. Сондықтан олардың қолдауға құқықты дауысы жоқ.

Алыстағы өзге елдерді айтпағанда, бұрынғы советтік аймақтан ЕуроАзия экономикалық қауымдастығына мүше елдерден Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан сондай-ақ, Украина ДСҰйымынан үміткерлер тобын құрайды.

Міне сондықтан Қазақстандық сарапшы Қанат Берентаевтің айтуынша, соңғы кездесулерде Ресей мен Қазақстанның ДСҰйымына бірлесіп кіру жөніндегі ойлары бір жерден шығып отырғандай екен.

– Біздің ДСҰйымына Ресеймен бірқатар кіргеніміз тиімді. Себебі, Ресей біздің негізгі сауда-саттық әріптесіміз есептеледі. Қазақстан Парламенті де өз талқылауы кезінде ДСҰйымына кіру дайындығы кезінде бұл екі ел өз жұмысын өзара үйлестіргені жөн деген шешімге келді. Сондықтан, бұл орайда Қазақстан Ресеймен өзара келісімге келгені жөн, - дейді Қанат Берентаев.
XS
SM
MD
LG