БАҒДАД: Бүгін АҚШ әскері Бағдадтың Садр-сити ауданында шағын автобусты атқылап, қаланың 4 тұрғынын, оның ішінде 2 әйелді оққа ұшырды. Хабарға қарағанда, ол жолаушылар қарулы жасақ емес, қарапайым жұмысшылар болып шыққан. АҚШ әскері бұл хабарды тексеріп жатқанын мәлімдеді. АҚШ армияының хабарлауынша, Ирақтың Әл-Анбар өлкесіндегі көтерілісшілерге қарсы шайқаста Американың 3 әскери теңізшісі қаза болды.